RU
Анасы үйінен сәбиімен бірге қуып шыққан 16 жастағы ару жан сырымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

Анасы үйінен сәбиімен бірге қуып шыққан 16 жастағы ару жан сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Туған анасы кәмелетке толмаған қызы мен немересін үйден қуып шыққан. Амалы қалмаған жас ана Қызылорда облысындағы "Аналар үйінен" көмек сұрауға мәжбүр болған деп хабарлайды Astana TV.

Фото: Astana TV/видеодан кадр

Фото: Astana TV/видеодан кадр

Ару 9- сыныптан соң колледжге түсу үшін басқа қалаға аттанады. Ол жақта бойжеткен өзінен 4 жас үлкен жігітке ғашық болып, көңіл жарастырған екен.

Алайда 16 жастағы қыздың аяғы ауыр екенін естіген жігіт бірден ат-тонын ала қашыпты.

Қызынан бар мән-жайды естіген анасы оған түсік жасатуды ұсыныпты. Дегенмен жас ана баласын қалдыруға бел буған екен.

Сол мезетте студенттің анасы басқа әрекетке баруды жөн көріпті.

"Түнгі 12-ден асқанда ол маған ең ауыр сөздерді айтып, баламмен бірге үйден қуып шықты", -дейді бойжеткен.

Кәмелеттік жасқа толмаған қыз баласымен бірге есік алдында тағы жарты сағат күтіп отырыпты. Ол анасы есікті ашып, үйге кіргізеді деп үміттенген екен. Бірақ анасы туған қызын үйге кіргізбей, одан өткен балағат сөздер айтып тастапты.

Содан бері ару сәбиімен "Аналар үйінде" тұрып жатыр. Ол жаққа жас ананы полицейлер апарған екен. Алғашында ол қатты мұңайып, бала туғаннан кейінгі күйзелісті бастан өткерген.

Қыздың айтуынша, осы қиын сәттерде оның ойына баланы алдыру туралы ой бірде-бір рет келмепті.

"Бастысы, мен қазір жалғыз емеспін. Мамандар психологиялық кеңестер өткізді. Мұнда баспана да, тағам да бар. Мен сол үшін Аллаға рахмет айтамын. Аздап-аздап аяғымнан тұрамын",-дейді ол.

Ару өз ата-анасына еш өкпесі жоқ екенін, күндердің күнінде олар немерелерін қабылдайтынына үміттенетінін айтқан.

Дереккөз: Aстана телеарнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel