RU
Үш күйеуінен айырылып қалған алматылық жесір әйел жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

Үш күйеуінен айырылып қалған алматылық жесір әйел жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Алматылық келіншек үш бірдей сүйіктісі қайтыс болғаннан кейін қайтадан тұрмысқа шығуға қорқып қалғанын айтты. Көріпкелдер Тамараға (есімі өзгертілген) оның өлім әкелетін "қара жесір" екенін бетіне басқан. Бұрын-соңды ешкімге тіс жармаған сырын ол NUR.KZ тілшісімен бөлісуді ұйғарды.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Бүгінгі күні Тамара екі ұлдың анасы әрі кішкентай немересінің апасы болып отырған жайы бар. Алайда, жеке өмірінде әйел адамды үнемі сәтсіздіктер күтіп тұрған.

"Алғашқы жігітім ауылдан еді. Мен өзім қаланың қызымын. Біз мектептен кейін кездесе бастадық. Арамызда нағыз махаббат болды, бір-бірімізсіз бір күн де өмір сүре алмайтын жағдайға да жеттік. Алайда, оған әсерге шақырту келгенде мен қатты қапалы болдым.
Арақашықтық пайда болғанымен, ол бізге кедергі болмады. Біз екі жыл бойы хат алмасып жүрдік. Қарым-қатынасымыз жақсы, сезіміміз күннен-күнге ұлғая берді. Игорьдың борышын өтеу мерзімі аяқталуға аз қалғанда, ол маған хат жіберіп үйленуге ұсыныс жасады. Мен оған келісімімді беріп те үлгердім" , - деп бастады әйел.

Сүйіктісі оралғаннан кейін Тамара бақыттан басы айналып, Игорьдың қасынан бір сәтке де алыстағысы келмеген.

"Ол әскерден келген соң, бірден құдаласу рәсімін жасап жібердік. Мен демалыс алып, Ташкентке арнайы әпкеммен қайтып келу үшін бардым. Ол маған тойға дайындалуға көмектесу керек болатын. Біз қайтадан қайтып келгенімізде, Игорьдан мүлде хабар болмады. Үш күннен соң, мен шыдамай оның ауылына бардым.
Сол кезде анасы маған оның қайтыс болғанын айтқанда, өз-өзіме сене алмадым. Бұл ақпаратқа сенгім келмеді. Анықталғандай, сүйіктім досымен бірге мотоциклмен келе жатып аударылып кеткен. Өзі де, досы да көз жұмған. Оны жерлеу рәсімін мен Өзбекстанда болғанша өткізіп тастаған", - деп айтты көз жасын тыя алмаған Тамара.

Қайғылы жағдайдан кейін біраз уақыт өткен соң, өз жүрек жарасын жаза алмай жүрген Тамараның жолында оны құлай сүйген Виктор кезіккен.

"Витямен жұмыста таныстық. Мен ешкіммен көңіл қосқым келмегеніме қарамастан, Виктор өз айтқанынан тайынбайтын ер адам екенін дәлелдей алды. Ол қыр соңымнан қалмай, сол кезде көптің қолы жетпес ерекше сыйлықтарды жаудырды. Оның үстіне ол өте қамқор болатын. Мені сонысымен баурап алды десем болады.
Уақыт өте келе біз жақындасып кеттік, бауыр басып қалдым. Бір жыл кездесіп жүрген соң, ол маған ұсыныс жасады. Біз заңды түрде некеге тұрдық. Ата-анамның қуанышында шек болмады. Олар қайғылы оқиғадан кейін менің тұрмысқа шығатыныма күмәнмен қараған болатын. Бірақ, Витяның әйелі атанғанымен мен өзімді Игорьға деген махаббатымды сатып кеткендей сезіндім", - деп айтты келіншек.

Тамараның айтуынша, Виктор екеуінің тату тәтті өмір кешкен. Уақыт өте келе жұбайлардың тұнғышы дүниеге келді.

"Менің күйеуім нағыз қамқор әрі жақсы адам болды. Мен онымен сондай бақытты болдым. Менде оған бақыт сыйлай алдым деп ойлаймын. Біз бірге алты жыл өмір сүрдік, сосын ол сырқаттанып қалды.
Диагноз - бауыр цирозы. Ең қызығы, Витя ешқашан ішімдік қолданбайтын, қалайша бұл ауруға душар болғанын білмеймін. Дерт белсенді түрде өрби түскендіктен, ол тез сөніп қалды", - деп айтты әйел адам.

Жолдасының өлімінен кейін, Тамара қиын кезді басынан кешті. Ол ұлын асырау үшін әйел адамның дағ ер адамның да орнын жоқтатпай, аянбай еңбек еткен.

"Ата-анам мен Виктордың әке-шешесі көмектескенімен, мен бәрібір де өзім тырысуым керек болды. Ұлымды аяққа тұрғызу үшін бірнеше жұмыс істедім. Уақыт өте келе, енді ешкімді кезіктірмеспін деп жүргенімде менің өмірімде Константин пайда болды. Ол менен 10 жас үлкен еді", - деп жалғастырды Тамара.

Константинмен Тамара заңды некеге тұрмай-ақ бірге тұра бастады.

"Костя менің үшінші сүйіктім болды. Ол да керемет жан еді. Біз ұлды болдық, мен 40 жасқа таяғанда екінші рет ана атандым. Баламыз әлсіздеу болды. жиі ауыратын.
Костя менің бірінші некедегі баламды да өзіндікіндей қабыл алды. Оларды бөліп жарған емес. Ол өмірімде пайда болғанда мен құдай менен екі сүйіктімді тартып алса да, маған нағыз махаббатты жіберді деп болжадым", - деп айтты Тамара.

Алайда, әйел адамның бақыты ұзаққа бармады. 12 жыл некеде тұрғаннан кейін Костя да қайтыс болды.

"Ол жүрек ауруынан көз жұмды. Ол тіпті, зейнетке шығып үлгерген жоқ. Әлі өмір сүретін адам еді. Дәрігерлер оның өліміне артық салмақ пен темекі септігін тигізгенін айтты. Ол бұған дейін, денсаулығы сыр бергенін айтып келген емес.
Үшінші сүйіктімнен айырылып қалған соң, мен өзімді қарғап тастағандай сезіндім. Неше түрлі балгер мен көріпкелдерге барып шықтым. Олардың барлығы маған "қара жесір" екенімді айтып, оны қалай емдейтіндерін білмейді" , - деп айтты келіншек.
"Өз тұқымымда мен бақытты әйелмін. Екі ұлым бар. Үлкенім үйленген, маған немере сыйлады. Кіші ұлым нағыз оқу озаты, менің арқасүйерім. Ата-анам аман-есен, денсаулықтары да жақсы. Адал әрі сенімді достарым да бар.
Тек мен жеке өмірімде сәтісіздікке ұшыраймын. Менің қасымдағы ер адамдардың барлығы қайтыс болатындай. Қазіргі таңда, Сәкен атты сүйіктім бар, оның әйелі қайтыс болып кеткен. Ол бірге тұруды ұсынып жүр. Алацда, мен тағы да махаббатымнан айырылып қалам ба деп қорқамын", - деп айтты Тамара.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
7
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel