RU
Нәзия Жоямерген ақылы тренинг өткізетін әйелдерді "арамза" молдаға теңеді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Нәзия Жоямерген ақылы тренинг өткізетін әйелдерді "арамза" молдаға теңеді

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал журналист Нәзия Жоямерген ақылы тренинг өткізіп, желіде түрлі кеңес беретін әйелдерді "арамза" молдаға теңеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Нәзия Жоямерген. Фото-коллаж: NUR.KZ

Нәзия Жоямерген. Фото-коллаж: NUR.KZ

Журналист қазір "бақытты болудың" жолын нұсқайтын әйелдердің көп екенін айта келе, оларға құртқан ақшаны отбасы мүшелеріне жаратуға кеңес берді.

"Әлеуметтік желілерде әйелдерге арналған тренингтер қаптап кетіпті. "Бақытты əйел", "Бақыттың кілті", "Давай, бақытты бол!", "Сен неге бақытты бола алмай жүрсің, а?!", "Күйеуің ақымақ болса да, ақылды дей білудің жолдары", "Еріншек еркекті еңбекқор етеміз" секілді тақырыптары бар ақылы тренингтер көп.

Тегін емес, ақылы. Арзан емес, қымбат! Бірақ, әйелдер ағылып барады екен. Тренинг (егер солай деуге келсе) біткесін əлгі ақыл айтқан "кемеңгер" әйелдерге алғыс айтып, суретке түсіп, қолтаңба алып… əбігерге түседі екен кəдімгідей.

Қазіргі əйел, отбасы, күйеу табу секілді тақырыптарға тренинг өткізетіндерге қарасам, "аңқау елге — арамза молда" деген мақал түседі есіме. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Сары әулие, Ақ әулие, Қара әулие, "Бронзовый əулие"  түрлі əулиелер қаптап еді ғой? Солар сияқты қазіргі "тренинг өткізгіштер".

Қыз-келіншек достар, босқа желпілдей бермейік. Әркім өз ошағына ие болады. Шаңырақтың шамшырағы — сіздер. Түтіннің түзу шығуы ешқандай тренингке қатысты емес. Бəрі сіздерге байланысты: не қаласаңыздар, сол болады. Қымбат тренингтерге шығатын ақшаны бала-шаға, күйеу, отбасыға жұмсаңыз. "Арамза молдаларға" жем болмаңыз", - деді журналист Нәзия Жоямергенқызы Facebook парақшасында.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
21
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel