RU
"Альварес - өтірікші": Тони Белью Головкиннің жеңілісі туралы өз пікірін білдірді
Жаңалықтар Қоғам

"Альварес - өтірікші": Тони Белью Головкиннің жеңілісі туралы өз пікірін білдірді

Рассказать Вконтакте

Британдық боксшы Тони Белью Головкин мен Альварес арасында өткен жекпе-жек туралы пікірін білдірді. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Тони Бельюдің айтуынша, соңғы уақытта шаршы алаңға допинг қолданған спортшыларды да шығара беретіндіктен, бокс ойындары дамудың орнына кері кетіп барады. Тіпті ереже бұзғандар жеңіске жететіні таңғалдырады дейді ол.

Британдық боксшы әсіресе Сауль Альварестің кездесуде жеңімпаз атанғанын әлі күнге түсіне алмай келетінін жеткізді.

"Мен "Канело" - өтірікші дегенмен келісемін, бірақ комиссия мүшелері мен төрешілер осындай алаяқтарды қабылдауын тоқтатпайынша, олар тамаша спорт бизнесінен ешқашан кетпейді", - дейді Белью.

Оған қоса, спортшы Альварестің қарсы шабуылдары өте мықты екенін мойындаймын деп отыр. Алайда ол өз мансабында дақ қалдырды деген пікірде.

Айта кетейік, 16 қыркүйек күні қазақстандықтар аты аңызға айналған боксшылар жекпе-жегін тамашалап, отандасымыз үшін жанкүйерлік еткен болатын.

Алайда 12 раундқа созылған кездесу төрешілердің шешімі бойынша Канелоның жеңісімен аяқталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel