RU
Күйеуі дәрігерді жолатпаған: Атырауда көз жұмған жүкті әйел туралы тың деректер шықты
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуі дәрігерді жолатпаған: Атырауда көз жұмған жүкті әйел туралы тың деректер шықты

Рассказать Вконтакте

12 қыркүйек күні Атырауда 25 жастағы үш баланың анасы қайтыс болды. Ол жүктіліктің соңғы кезеңінде жүрген екен. Әйелдің бірден басы ауырып, дәрігерді үйіне шақыртқан. Алайда тексеру үшін мамандарды жанына жолатпапты деп хабарлайды "Мой Город" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: UaUa.INFO

Көрнекі фото: UaUa.INFO

12 қыркүйек күні жедел жәрдемге жүкті әйелден қоңырау келіп түскен. Ол басының қатты ауырып жатқанына шағымданыпты.

Дәрігер үйіне келгенде, ол тексерілуден бас тартқан көрінеді. Ал жары болса фельдшерді есікке қарай итеріп, дөрекілік танытқан.

Жүкті келіншектің анасы қызын ауруханаға баруға көндіріп, олар мамандар қолына келіп жеткенше әйелдің жағдайы тым нашарлап кеткен.

Сонымен, әйел жансақтау бөлімінде бір сағат жатып, ағзасы ауыртпалыққа шыдамай көз жұмады.

Еске салсақ, төртінші баласына аяғы ауыр 25 жастағы әйелдің қайтыс болғаны туралы айтылған. Оның осыған дейінгі үш жүктілігі де ешқандай қиындықсыз өткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel