RU
Сауль Альварестің жекпе-жек алдында белгісіз дәрі қолданғаны рас па? (видео)
Жаңалықтар Спорт

Сауль Альварестің жекпе-жек алдында белгісіз дәрі қолданғаны рас па? (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде боксшы Сауль Альварестің Геннадий Головкинмен кездесуге бір күн қалғанда дәріге ұқсас белгісіз затты пайдаланған видеосы тарап кетті. Соңғы салмақ өлшеу рәсімінен кейін жаттықтырушысы спортшының аузына белгісіз зат салған. Содан соң "Канело" бірден үстелге отырғысы келгенімен, құлап қала жаздапты. Оның есін жинауға команда мүшелері көмектескен деп хабарлайды 31 арна.

Әзірге дәріге ұқсас заттың нақты не екені белгісіз. Алайда, ол спортшының тұзын теңестіру үшін қолданылған болуы мүмкін.

Не дегенмен, бұл видео желіде қызу талқыға түсіп, осыдан біраз уақыт бұрын халықты шулатқан допинг дауын еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Альварестің денесінен тыйым салынған заттар табылған еді. Мексикалықтың командасы бұл спортшыға бұзылған еттен жұққан болуы мүмкін деп мәлімдеген. Нәтижесінде, спортшы алты айға спорттан шеттетілген болатын.

Дереккөз: 31 арна

Сіздің реакцияңыз
21
5
2
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel