RU
"Король лев" фильмінің режиссері: Әйелімді барлығы қазақ деп ойлап қалады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Король лев" фильмінің режиссері: Әйелімді барлығы қазақ деп ойлап қалады

Рассказать Вконтакте

Анимциялық "Король лев" фильмінің режиссері Роб Минкофф "Almaty Film Festival" бірінші халықаралық фестиваліне қатысу үшін Алматыға келді. Ол журналистермен өткен кездесу барысында өз жетістіктерінің құпиясымен бөлісіп, Оңтүстік астанаға неліктен қайтып оралатынын айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Роб Минкофф және оның жары Кристал Кунг. Фото: NUR.KZ

Роб Минкофф және оның жары Кристал Кунг. Фото: NUR.KZ

Режиссер, сценарийші Роб Минкофф Алматыға жары Кристал Кунгпен бірге келді. Олар 15 қыркүйек күні қызыл кілемнен өтпес бұрын, баспасөз конференциясына қатысып, тілшілерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Режиссердің айтуынша, оны жұмысы мен өмірінде жетістікке жеткізген қасиет - шынайылық екен. Сондай-ақ ол әрдайым қиындықпен күресіп, мақсатқа тұрақты болудың да маңыздылығын атап өтті.

Роб Минкофф мен Кристал Кунг. Фото: Instagram

Роб Минкофф мен Кристал Кунг. Фото: Instagram

Робтың өзі осы күнге дейін талай тосқауылдардан өткен. Осы орайда оның жары жұбайының жетістікке жетудегі басты ұстанымдары туралы айтып өтті.

"Өзімнің кино саласына еш қатысым жоқ. Мен тек осы кәсіпкердің жұбайымын. Біз ұзақ уақыт бойы бірге тұрып келеміз. Осы аралықта менің байқағаным, ол бір жағы - суретші, екінші жағынан бизнес заңдылықтарын жақсы түсінеді. Осы қасиетінің арқасында көп жерде жолы болған сияқты", - дейді Кристал Кунг.

Жиын барысында Роб Минкофф Қазақстанға міндетті түрде қайта оралатынын мәлім етті. Оған басты екі себеп бар екен.

"Алматының тауларында жүрегімнің бір бөлшегін тастап кеттім. Табиғаттың осынша сұлулығын бағалау үшін уақыт тым аз болды. Сондықтан, менің Қазақстанға қайта оралуымның екі себебі бар. Біріншіден, менің әйелімді барлығы қазақ деп ойлап қалады. Ал екіншіден, мен тауда жүріп бас киімімді жоғалтып алдым. Соны іздеп табуым керек", - деп әзілдеді режиссер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel