RU
Альварестің промоутері Головкинге үшінші жекпе-жек үшін шарт қойды
Жаңалықтар Қоғам

Альварестің промоутері Головкинге үшінші жекпе-жек үшін шарт қойды

Рассказать Вконтакте

Сауль Альварестің промоутері боксшылар арасында өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек туралы пікірін білдіре келе, Головкинге қоятын белгілі бір шарттары бар екенін айтты. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: insidehboboxing.com

Фото: insidehboboxing.com
Source: UGC

Оскар де ла Хойяның айтуынша, үшінші кездесу болуы үшін Головкин басқа бірнеше боксшымен жекпе-жекке шығып, оларды жеңуі тиіс.

"Тек содан кейін ғана кездесуді қайта ұйымдастыруымыз мүмкін", - дейді ол.

Мексикандық боксшының промоутері екі спортшының да соғысқа қатысқандай күйде болғанын айтуда. Сондықтан қазір олар жақсылап демалуы керек дейді. Содан соң әркім өз жолымен кетеді.

""Канело" енді нағыз жұлдызды жолда жүрмек. Оларды қайта кездестіру ақымақтық болар", - деп қорытындылады ол сөзін.
Сіздің реакцияңыз
4
3
4
4
2
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel