RU
"Канелодан" жеңілген Головкинге барлық белбеулері қайтарылып беріле ме?
Жаңалықтар Қоғам

"Канелодан" жеңілген Головкинге барлық белбеулері қайтарылып беріле ме?

Рассказать Вконтакте

Күні кеше әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Головкинге барлық белбеулер қайтарылып берілетіні туралы хабарлама тараған. Оған себеп - Альварес тағы да допинг дауына ілікті деседі. Осыған орай қазақстандық кәсіби спорт федерациясы істің мән-жайын ашып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vk.com/ggolovkin

Фото: vk.com/ggolovkin

Қазақстандықтар Альварестің қанынан тағы да допинг анықталды деген жаңалықты естіп, қуана бөлісуде. Тіпті, аталмыш ақпаратты қазақстандық кәсіби бокс федерациясының атынан жазып қойған.

Фото: желіде тараған хабарлама /sputniknews.kz

Фото: желіде тараған хабарлама /sputniknews.kz

Ал кәсіби бокс фдерациясы мұндай ақпаратты таратпадық деп отыр.

"Біз "Канелодан" допинг анықталғаны туралы хабар алмадық", - дейді ұйым қызметкерлері.

Әуесқой бокс федерациясы оған қатысты ешқандай пікір білдіре алмаймыз дейді.

Еске салсақ, 16 қыркүйек күні қазақстандықтар аты аңызға айналған боксшылар жекпе-жегін тамашалап, отандасымыз үшін жанкүйерлік еткен болатын.

Алайда 12 раундқа созылған кездесу төрешілердің шешімі бойынша Канелоның жеңісімен аяқталды.

Осыдан кейін үшінші рет тағы да кездесу ұйымдастыру туралы пікірлер айтыла бастады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
3
3
0
5
14
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel