Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында 12 жөзекше мен үш "жеңгетай" ұсталды

Опубликовано:

Қарағанды облысының Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері интимдік қызметті коммерциялық түрде ұсынатын орындарды анықтап, 12 жөзекше мен үш "жеңгетайды" ұстады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Саунадан келушілерге интимді қызмет ұсынатын 54 жастағы әкімші ұсталды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 309- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал Балқаш пен Теміртауда көңіл көтеретін орындарда жеңгетайлықпен айналысқан екі әкімші ұсталды" ,- деп хабарлады баспасөз қызметі.

Теміртаудағы қонақүйлердің бірінде де жөзекшелер "ордасы" әшкереленген. Ал ондағы әкімші қыздардың қызмет көрсетуіне арнайы бөлмелер ұсынып отырған. Ол өзінің бөлмені не үшін жалдайтынын білетінін, үнемі сол үшін сыйлық алатынын да жасырмады.

Әкімші қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды. Оған қатысты "Әкімшілік заң бұзушылық" кодексінің "Жөзекшелікпен айналысуға үй-жай беру" деп аталатын 450- бабы бойынша хаттама тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1753300-karagandy-oblysynda-12-zzekse-men-s-zegetaj-staldy/

pixel