Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала беру", "Әмеңгерлік": Қолданыстан шыға бастаған дәстүрлер туралы не білеміз?

Опубликовано:

Қазақта ежелден келе жатса да, бүгінгі күні ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер көп. Соның ішінде "бала беру", "әмеңгерлік", "ат тергеу" дәстүрлері туралы мәліметтерді weproject.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы назарға ұсынады.

Көрнекі фото: elana.kz
Көрнекі фото: elana.kz: UGC

Бала беру

Қазақта көп балалы отбасылар бала босанып, ата-ана бақытын сезіне алмаған туыстарына бір перзентін берген. Олар сәбиді кішкентайынан бауырына басып, туған баласындай қараған.

Аталмыш салт бір жағынан ұрпақсыз жұбайлардың өміріне мән сыйласа, екінші жағынан көпбалалы ата-ана үшін сәбиін сенімді қолда, жақсы жағдайда өсіруге жақсы мүмкіндік саналған.

Ал қазіргі кезде бұл дәстүрді қолданатындар кемде-кем. Тіпті жастар ондайға таңғала қарайтыны да жасырын емес.

Әмеңгерлік

Жесір қалған келінді сол отбасындағы ер кіндіктінің біреуі жар етіп отырған. Осы арқылы асыраушысынан айырылған отбасы балалары бөтенге жалтақтамай, өз туысының қамқорлығында өскен.

Бүгінде әмеңгерлік салтымен ер азаматтар жеңге немесе келінін қалыңдық етпесе де, оған материалдық тұрғыда көмектесіп тұрады.

Ат тергеу

Жаңа түскен келін күйеуінің туыстарын атымен атауды ерсі көріп, оларға еркелете ат қойған. Бұл оның тәрбиесі мен сыпайылығын, тапқырлығын танытады.

Ат қойғанда адамның жеке қасиеттеріне, дене бітімінің ерекшеліктеріне, мінез-құлқына мән берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1753306-bala-beru-megerlik-koldanystan-syga-bastagan-dstrler-turaly-ne-bilemiz/

pixel