RU
Сұлтанов өзінің орнына келетін қаржы министріне кеңес берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сұлтанов өзінің орнына келетін қаржы министріне кеңес берді

Рассказать Вконтакте

Бұдан дәл бір апта бұрын Астана әкімі болып тағайындалған Бақыт Сұлтанов жаңа Қаржы министріне кеңесін аямады деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Султанов пожелал новому министру финансов "быть вредным и жадным"

Коллаж: NUR.KZ

Бүгінгі ҚР үкіметі отырысына алғаш рет Астана әкімі ретінде қатысқан Сұлтанов журналистерге жаңа қаржы министріне не тілейтінін айтып берді.

«Даналық тілеймін", - деген Сұлтанов бүгінгі таңда аталған саладағы басшыға қойылатын талаптың қатаң екенін тілге тиек етті.

«Сондықтан қаржы министрі салмақты болуы тиіс. Сондай-ақ, оған бірінші кезекте қыңыр әрі сараң болу да артық етпейді. Бұдан бөлек, елдің қаржылық дамуы үшін алғышарттар жасай алатын көреген болуы керек", - деді қала басшысы.

«Кез келген мемлекеттік қаржы жүйесі қан айналым жүйесі секілді", - деп сөзін түйіндеді Астана әкімі.

Айта кету керек, Қаржы министрінің орны жеті күннен бері бос тұр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel