RU
Мәжіліс Әлихан Смайыловты Қаржы министрі етуге келісті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Мәжіліс Әлихан Смайыловты Қаржы министрі етуге келісті

Рассказать Вконтакте

Бүгін мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысында Қаржы министрін тағайындау жөніндегі кандидатура келісілді деп хабарлайды мәжілістің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: astana-akshamy.kz

Фото: astana-akshamy.kz

"Бүгін палатаның Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Қаржы министрі лауазымына тағайындау жөніндегі кандидатура келісілді. Комитет отырысының қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының премьер-министрі ұсынған Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұл қызметтің тізгінін ұстаған Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі болып тағайындалған еді

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel