RU
Жаңа Қаржы министрі Смайылов жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Финансы

Жаңа Қаржы министрі Смайылов жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Бір аптадан бері бос тұрған қаржы министрі қызметіне мәжілістің келісуімен, президенттің жарлығымен елбасының бұрынғы көмекшісі Әлихан Смайылов бекітілді. Жаңа лауазымға ие болған Смайылов жайлы не білеміз? NUR.KZ порталы жаңа қаржы министрі жайлы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Сұлтанов, Смайылов. Фото-коллаж: NUR.KZ

Сұлтанов, Смайылов. Фото-коллаж: NUR.KZ

Әлихан Смайылов 2015 жылдың желтоқсанынан бастап елбасының көмекшісі қызметін атқарған.

Ол 1972 жылы туылған. Ал 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "қолданбалы математика" мамандығын тәмамдайды.

1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.

Смайылов еңбек жолын 1993-1995 жылдары "А-Инвест" инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы лауазымынан бастаған.

1996 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінде бөлім меңгерушісінің орынбасары кейін бөлім меңгерушісі болған.

Ал 1998 жылдың наурызынан сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы статистика және жоспарлау агенттігінің статистика және талдау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

Әлихан Смайылов. Фото: sn.kz

Әлихан Смайылов. Фото: sn.kz

1998-1999 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы бөлімінің экономикалық секторында меңгерушісі болды.

1999 - 2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы болып жұмыс істеген.

2003 жылдың ақпан айынан шілде айына дейін - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болса, осы айдан бастап 2006 жылға дейін "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы"АҚ басқарма төрағасы атанған.

Осы уақытқа дейін екі рет 2006-2007, 2008-2009 жылдар аралығында Қазақстанның қаржы вице-министрі болып қызмет атқарды.

2009 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

Айта кетейік, осыған дейін қаржы министрі қызметін Астана әкімі болып тағайындалған Бақыт Сұлтанов атқарған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel