RU
Алматы тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде жас азаматтың жедел жәрдем көлігі жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген видеосы тарады деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр
Source: UGC

Видеожазбада Volkswagen көлігі қоғамдық көлік жолағында арнайы көліктің жолын бөгейді. Оның ішінен ашумен атыла шыққан жігіт жедел жәрдем көлігінің егде жастағы жүргізушісін балағаттап, бас салған. Оқиға Алматы қаласында орын алған деген болжам бар.

Жігіт тап берген жедел жәрдем көлігінде қарт науқас болған көрінеді.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов құқықбұзушыны тауып, оған тиісті жаза қолдануын талап етіп отыр.

Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

Сіздің реакцияңыз
10
2
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel