RU
Спортсыз өмір сүре алмайтын 111 жастағы қария жаттығу залынан шықпай қойған
Жаңалықтар Калейдоскоп

Спортсыз өмір сүре алмайтын 111 жастағы қария жаттығу залынан шықпай қойған

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Лос-Анджелес қаласының тұрғыны Генри Цену өз өмірін спортсыз мүлде елестете алмайды. 111 жасқа келген қария өзінің ұзақ жасауының басты себебін дене шынықтыру, дұрыс тамақтану мен белсенділік деп есептейді деп жазады fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk
Source: UGC

Йокогамада туылған Цену 1975 жылдан бастап Америкада тұрады. Ол өмір бойы спортпен айналысып келеді. Айтуынша, оның жаттығу залына бармаған күні мүлде болмаған.

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk
Source: UGC

80 жасында йогамен шебер айналысса, 90 жасында ол таңғы уақытта болатын аэробика жаттығуларына да қатысып тұратын. Бүгінде 111-ге толған қарияның денсаулығына айтар шағымы жоқ.

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk
Source: UGC

Көпшілік өмір сүре бермейтін жасқа толып отырған Цену қазірдің өзінде күнделікті спорт орталығына барып тұрады. Ол жарты сағатын міндетті түрде велотренажерға арнайды.

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk
Source: UGC

Оған қоса, қария өзінің ұзақ өмір сүруіне дұрыс тамақтану елеулі түрде әсер еткенін айтты. Ол үнемі уақытылы тамақ ішіп, майлы заттарды жеуден аулақ. Сонымен қатар, басты құпиясы ретінде Цену жақсы көңіл күйді айтады.

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk
Source: UGC

"Көңілді әрі қуанышты болып жүретін адам көп жасайды. Ол рас. Болмайтын нәрселерге бола қапалы болып, көңіл күйді түсіріп қажет емес. Бұл ұзақ өмір сүруде аса маңызды фактор" , - деп айтты ол.
Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk
Source: UGC

Фото: i.dailymail.co.uk

Фото: i.dailymail.co.uk
Source: UGC

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel