RU
Неліктен күйеуі идеал санайтын әйелдер жарының көзіне шөп салады?
Жаңалықтар Қоғам

Неліктен күйеуі идеал санайтын әйелдер жарының көзіне шөп салады?

Рассказать Вконтакте

Отандық отбасылық психолог Ольга Шихова соңғы кезде өзіне келіп жүгінетін қазақстандық азаматтардың артқанын айтты. Оның айтуынша, ерлердің көпшілігі әйелінің көзіне шөп салуынан қорқады екен деп жазады Экспресс К газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әйелім жүріс жасайды: Қазақстанда жарынан күмәнданатын ерлер саны арта түскен

Көрнекі фото: heaclub.ru

Психологтың айтуынша, күйеулері шағымданып келген отбасындағы әйелдер ұрыс-керісті, материалдық тұрғыдан қиындық көрмеген және күйеуінің де жағдайын жақсы түсінеді екен. Сырт көзге мінсіз көрінетін қазақстандық әйелдер неліктен күйеуінің көзіне шөп салатынын психолог маманы түсіндірді.

"Қазақстандық ерлер өте қатал, аялауды білмейді. Біздің ерлер әйелдерін себепсіз құшағына алмайды. Тек қана төсек қатынасы кезінде ғана құшақтайды», - дейді ол.

Сонымен бірге, ерлер нәзік жандыларға ілтипат көрсетіп, көңіл бөлмейді. Тіпті жылы сөз айтып, әуре болмайды, дейді ол. Үшінші кезекте, отандастарымыз әйелдермен көп әңгімелескенді ұнатпайды. Олар көп сөзді бос әуре деп санайды. Алайда, әңгіме жаны сүйетін әйелдермен көп сөйлескен сайын, олардың жанын да терең түсінуге болады, деп санайды психолог.

Ольга Шихованың пайымдауынша, әйелімен күнделікті 15-20 минут оңаша қалып, серуендеп қайтқанның пайдасы зор. Осылайша қарым-қатынас нығая түсіп, әйелдер өзін керексіз сезінбейтін болады, дейді ол.

Осы қағидаларды есте сақтаса, еркектер әйелінің жүріс жасамайтынына күмәнданбаса да болады, дейді маман.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel