RU
Аша Матай өзінің кәсіби әнші емес екенін жұрт алдында мойындады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аша Матай өзінің кәсіби әнші емес екенін жұрт алдында мойындады (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші бұрын-соңды еш жерде айтпаған мәлімдеме жасап, көпшілікті таңғалдырды. Аша Матай "Түнгі студия" бағдарламасына арнайы қонақ болып келіп, өзінің кәсіби әнші емес екенін жасырмай мойындады деп жазады NUR.KZ.

Аша Матай күйеуімен ән жазарда оған кедергі келтіргенін айтып, оған кәсіби әнші болмағаны себеп болғанын жайып салды. Әнші бұрын-соңды айтпаған мәлімдемесін отандық бағдарлама барысында айтқан.

"Бірге айтайық деген ой бұрыннан болды. Дуэт жазуға келгенде мен оны тоқтатып тұрғандай, кедергі келтіргендей болдым. Бір жағынан өзім кәсіби әнші емеспін, керемет дауыс иесі емеспін. Өзімнің дауыс ырғағым бар әрине.
Алайда сен менен асқан әншісің, сондықтан өзіңнің жалғыз шыққанын дұрыс болар деп кеңес бердім" , - деп айтты әнші.

"Түнгі студия" жүргізушісі өз кезегінде, Ашаның кәсіби әнші емес екенін мойындауының өзін ерлік екенін айтып мақтады.

Бағдарлама үзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel