RU
Қызылордада бүйрегін "сумен емдемек" болған көп балалы ана тіл тартпай кетті
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада бүйрегін "сумен емдемек" болған көп балалы ана тіл тартпай кетті

Рассказать Вконтакте

Қызылордада бүйрегін сумен емдемек болған көп балалы ана қайтыс болды. Марқұмның жақындарының айтуынша, бес баласы бар ана бүйрегін сауықтыру үшін, жергілікті жекеменшік клиникалардың бірінің көмегіне жүгінген екен. Ондағылар судың көмегімен бүйрегін емдейміз деп сендіргенімен, көп балалы ана қапыда қайтыс болады. Бұл туралы Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Белгілі болғандай, марқұм аталмыш сумен бүйрегін тазартпақ болған екен. Мамандар оған күнде тамақтанбай, жарты литр йодталған су ішуге кеңес беріпті. Алайда, Жанат Ибрагимоваға ем-домның мұндай түрі көмектесудің орнына, керісінше зиянын тигізіпті. Ол күн сайын құсып, денсаулығының нашарлай түскенін айтқан.

"Бізге жеткізген кезде науқастың денсаулығы тым нашарлап кеткенін білдік. Оны ауруханаға тым кеш жеткізген. Біз қолдан келгеннің барлығын жасадық, алайда оны аман қалып мүмкін болмады", - дейді дәрігерлер.

Ал марқұм көмекке жүгінген жекеменшік клиника өкілдері болса, қайғылы жағдайға Жанат Ибрагимованың өзі кінәлі деп отыр.

"Бәлкім тамақтану режимі бұзылған шығар. Біз оны хирурге жібердік, УЗИ ішек қимылдарының бітісіп кеткендігін айқындады", - дейді жекеміншік клиника басшысы.

Қапыда жұбайынан айырылып қалған отағасы, енді "бес балама аналарың жоқ деп айтуға қалай аузым барады" деп отыр.

"Ол өте мейірімді, ақкөңіл жан еді. Күліп-ойнап жүретін. 14 күннің ішінде осылай айырылып қалдық", - дейді марқұмның жолдасы.

Қазіргі таңда марқұмның отбасы құзырлы органдарға шағымданбақ. Алдағы уақытта аталмыш мәселемен прокуратура айналысатын болады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
12
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel