RU
"Дос Мұқасан" тобына менсінбей қараған танымал топ әншілердің ашуына тиді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Дос Мұқасан" тобына менсінбей қараған танымал топ әншілердің ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Қазақ сахнасының төрінен орын алған "Дос Мұқасан" тобын менсінбеген "Ялла" тобы отандық әншілердің ашуына тиді деп хабарлайды "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Дос Мұқасан", "Ялла". Фото-коллаж: NUR.KZ

"Дос Мұқасан", "Ялла". Фото-коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Бұл оқиға жайлы отандық әнші баяндап берді.

"Ялла" тобы келді дегенге жапатармағай жүгіріп, амандасып жатырмыз. Біздің "Дос Мұқасанмен" тең азаматтар ғой деп қуанып жүрміз", - деген әнші олардың теріс әрекетін көріп, шетелдік әншінің жағасына жабысқанын жасырмады.

"Ялла" тобы той иелерінен өздерінің ән айту кезегін сұраған. Алайда ұйымдастырушылар танымал топқа тек "Дос Мұқасаннан" соң ғана әндерін орындайтынын айтқан екен.

Сол сәтте "Ялланың" топ мүшесі "А вот эти что-ли" деп менсінбеушілік танытыпты.

Осындай оқиғаларға жиі жолығатын отандық әншілер шетелдік өнерпаздардың ең болмаса, өздеріне құрмет көрсетуді өтінген.

Сіздің реакцияңыз
6
7
2
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel