RU
Шымкентте трактор тіркемесінде отырған 5 жұмыскер аударылып қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте трактор тіркемесінде отырған 5 жұмыскер аударылып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін таңғы 9 шамасында Шымкентте «Бәйтерек ЛБ» компаниясының тракторы мен «Лидер» компаниясына тиесілі Howo өзі аударғыш жүк көлігі (самосвал) соқтығысып, бес адам зардап шекті. Бұл туралы TVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: tvk-uko.kz

Фото: tvk-uko.kz
Source: UGC

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен бес жұмыскер трактордың тіркемесінде отырған. Қатты соққыдан тіркеменің алдыңғы белдігі үзіліп, аударылып қалады.

Абырой болғанда, трактор тіркемесінде болған гүлзар соққыны жеңілдетіп, адамдар өмірін ажалдан арашалап қалған.

Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, үш азамат пен екі әйел адамды ауруханаға алып кетті.

Фото: tvk-uko.kz

Фото: tvk-uko.kz
Source: UGC

Куәгерлердің айтуынша, трактор жүргізушісі Howo-ны басып озып, оның жолын кескен. Ал оның артындағы тіркемесінде бұрылатын жанғыш белгі мен тоқтағанын көрсететін белгі болмаған.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайын тәртіп сақшылары тексеріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel