RU
Ақтөбеде егіз қыздың анасы 20 күннен бері табылмай жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде егіз қыздың анасы 20 күннен бері табылмай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде егіз қыздардың анасы Айдана Мұхаммеджанова 20 күннен астам уақыт бойы табылмай жатыр. Ол тамыздың 28-і күні жұмысқа кетіп, үйіне сол күйі оралмаған деп жазады Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Отбасылық мұрағаттан алынды

Фото: Отбасылық мұрағаттан алынды

Басылымның мәліметінше, 24 жастағы жас ана "Алтын бала" балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істейді екен. 28 тамыз күні жұмысына кеткен ол содан бері із-түзсіз жоғалып кеткен.

"Тамыздың 28-і күні інім жұмысына апарып тастады. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істегеніне 3-4 жыл болды. Келінім сол күні 1-2 сағат жұмыс істеп, кетіп қалған. Әрі қарай көрдім, білдім деген адам жоқ. Негізі отбасы құрғандарына 7 жылдан асты. Мінезі тұйық, ешкіммен ашық сөйлеспейтін келінім кешкентай ұрыс-керіс болса үнсіз кетіп қалып жүрді. Ол кезде қыздарын алып кететін. Бұл жолы ата-анасы ештеңе білмейді, қыздары жанымызда", - дейді бойжеткеннің туыстары.
Айдана Мұхаммеджанова күйеуімен. Фото отбасылық мұрағаттан алынды

Айдана Мұхаммеджанова күйеуімен. Фото отбасылық мұрағаттан алынды

Айта кетерлігі, жоғалған жас ананың Айша және Бибі атты 3 жасар қыздары бар.

Қазіргі таңда, Айдана Мұхаммеджанованың ата-анасы полицияға шағымданған. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel