RU
Шымкентте қаза тапқан 3 жасар қыздың сушиден уланғаны анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте қаза тапқан 3 жасар қыздың сушиден уланғаны анықталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті үш жасар қыздың өлімінен кейін қоғамдық тамақтану орнына тексеру жүргізіп, нәтижелерін мәлім етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: kagro.kz

Көрнекі фото: kagro.kz
Source: UGC

Мамандардың айтуынша, қыздың анасы ғаламтор арқылы тапсырыс берген суши мен пицадан қауіпті бактерия анықталған.

Сондай-ақ сарапшылар марқұм қыз бен анасы тамақтанған кафе асханасына да тексеріс жүргізіп, ондағы тағамдардың барлығы таза екенін айтып отыр.

Алайда асхананың бес қызметкерінен стафилококк бактериясы табылған.

Оған қоса, басқа жұмыскерлердің бірнешеуінде медициналық кітапша болмаған.

Еске салсақ, Шымкентте 8 қыркүйек күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен қыз жағдайы күрт нашарлап қайтыс болған еді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel