RU
Өскеменде пәтерден 15 жастағы қыз өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өскеменде пәтерден 15 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Өскеменде көпқабатты үйлердегі пәтерлердің бірінен жасөспірім қыздың денесі табылды деп хабарлайды Altaynews.

Көрнекі фото: altaynews.kz

Көрнекі фото: altaynews.kz

Оқиға кеше 19-шы ықшам ауданда орын алған.

Полициға сағат кешкі 21.00-де полицияға Есенберлин даңғылы 8/2 мекен-жайындағы көпқабатты үйдің пәтерінен жас қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

15 жастағы жасөспірім қыздың колледж студенті екені белгілі болды.

ШҚО ІІД баспасөз қызметі мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық белгілері болған.

Қазіргі таңда аталған қылмыста күдікті ретінде 18 жастағы қала тұрғыны ұсталған.

Оқиғаға қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel