RU
Астанаға әкім болған Бақыт Сұлтанов жұмысқа қымбат көлікпен емес жаяу бармақ
Жаңалықтар Қоғам

Астанаға әкім болған Бақыт Сұлтанов жұмысқа қымбат көлікпен емес жаяу бармақ

Рассказать Вконтакте

Астана қаласының жаңа əкімі Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Фото: egemen.kz

Фото: egemen.kz
Source: UGC

Бұған дейін де жұмысқа жаяу барып жүргенін еске салған әкім, бұл біраз кемшілікті байқауға септігін тигізетінін айтады.

"Мен бұрын да жұмысқа таңертең жаяу баратынмын. Қазір де үйім жақын болғаннан кейін жаяу барамын. Бірақ біраз айналып бару қажет. Бұл жаңа жұмысыма, əрине, көмек. Көшелерді аралап келген кезде біраз кемшілікті байқайсың, содан кейін әкімдік қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар бересің. Ал күндіз мәселен жұмыстармен үкіметке келген кезде таксиге отырамын", - дейді Сұлтанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы министрі болған Бақыт Сұлтанов таяуда ғана Астана қаласының әкімі болып тағайындалған еді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel