RU
Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның анық-қанығын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның анық-қанығын айтты

Рассказать Вконтакте

Алматыда 18 қыркүйек күні соққы астында қалған жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучма жолда болған оқиға туралы айтып берді деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: zakon.kz

Көрнекі фото: zakon.kz
Source: UGC

Анықталғандай, жедел жәрдем көлігі қарт науқасты ауруханада жедел ота жасатуға апара жатқан екен. Жолда Volkswagen Passat көлігі жарқылдауық шамшырағын жаққан жедел жәрдем көлігінің алдын бөгепті.

Кейіннен көліктен 28 жастағы Түркия азаматы шығып, жүргізушіні соққының астына алған.

Көп ұзамай Николай Кучмаға қол көтерген азамат ұсталған еді.

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі осы оқиғаның анық-қанығын айтып берді.

"Төбелес-бұл екінші қақтығыс. Бұл Абылай хан мен Наурызбай батыр көшелерінің орталарында орын алды. Алғашында ол біздің көліктің алдына өз көлігін қойып, түсе салып, ұрыса бастады. Сен менің келе жатқанымды көрмедің бе деп ұрысты. Мен оған науқасты ауруханаға апара жатқанымды айттым.
Ол ашуланып, айнаны ұрды, алайда айна сынбай қалды. Одан соң мен автобус жолағымен оның алдына шығып кеттім. Бірақ, алдымда автобус келе жатқан соң, амал жоқ, сол жолға қайта түстім. Бұл оның ашуына тиген болуы керек, ол жедел жәрдем көлігінің алдына өз көлігін қойып, мені ұрып тастады", - Николай Кучма.

Оқиға салдарынан жүргізушінің қабағы жарылып, басы жарақаттанған. Сондай-ақ, азаматтың мойны көгерген.

Сіздің реакцияңыз
8
3
3
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel