RU
Шымкентте театр дәлізінде ұйықтап қалған полицейлер жазаланбақ
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте театр дәлізінде ұйықтап қалған полицейлер жазаланбақ

Рассказать Вконтакте

Шымкентте театр дәлізінде ұйықтап қалған полицейлердің фотосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев қазіргі уақытта қызметтік тексеріс болып жатқанын, алдағы уақытта қызметкерлер жазаланатынын айтты деп хабарлайды NewTimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: facebook.com/ezhumagulov

Фото: facebook.com/ezhumagulov

Дәлізде тәтті ұйқыға батқан тәртіп сақшыларының суреттерін Ербол Жұмағұл өз Facebook парақшасында жариялаған.

"Театрға кірсем, полицейлер ұйықтап жатыр. Дәлізде. Олардың бірі-офицер құқық қорғаудың айқын музыкасын көрсетіп, қорылдап жатыр. Ал негізі контртеррористік оқулар жүріп жатқан екен. Терроршыларға жаным ашиды" ,- деп жазған Ербол Жұмағұл.

Ішкі істер министрлігі ұйқыда жатқан полиция қызметкерлерінің суреттері қаралғанын айтты.

Фото: facebook.com/ezhumagulov

Фото: facebook.com/ezhumagulov

"Бұл жағдай Шымкент қаласында орын алған. Қазір қаланың Ішкі істер департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Олар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Қызметкерлердің кім екені анықталды" ,- деп жазды Садубаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
2
2
3
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel