RU
Астана Дүниежүзілік туризм ұйымының жаһандық саммитін өткізу мүмкіндігіне ие болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Астана Дүниежүзілік туризм ұйымының жаһандық саммитін өткізу мүмкіндігіне ие болды

Рассказать Вконтакте

Астана Дүниежүзілік туризм ұйымының қалалық туризм бойынша жаһандық саммитін өткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: abctv.kz

Көрнекі фото: abctv.kz

Қазақстанның 2019 жылы қалалық туризм бойынша сегізінші саммитті өткізетіні туралы Оңтүстік Кореядағы Дүниежүзілік туризм ұйымының жетінші саммитінде белгілі болды. Бұл шараны өткізуге 57 ел ұсыныс тастаған. 

Бұдан бұрын форум туризмі әлемдік деңгейге көтерілген Стамбұл, Мәскеу, Барселона, Марракеш, Люксор, Куала-Лумпур және Сеул қалаларында өткен.

Мұндай көлемдегі іс-шараны өткізу тәуелсіз Қазақстанның туризм тарихындағы алғашқы мүмкіндік болып отыр. Дүниежүзілік туризм ұйымы 1975 жылдан бері жұмыс істейтін ірі ұйым болып табылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel