RU
Такси жүргізуші қатты сөйлескен аруларды көліктен түсіріп жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Такси жүргізуші қатты сөйлескен аруларды көліктен түсіріп жіберді

Рассказать Вконтакте

Таиланда такси жүргізушісі жолаушы қыздарды жол ортасында тастап кеткен. Ол көлік кептелісі мен арулардың қатты сөйлегенінен шаршап кеткенін айтқан деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru
Source: UGC

Оқиға 15 қыркүйек күні Бангкок қаласында болған. Жүргізуші Наронвит Понсапан қаланың екінші жағына баратын аруларды көлікке отырғызып алған екен.

Алайда, жолда азамат аруларды көліктен түсіріп, жаңбырдың астына тастап кетіпті. Ол бұл әрекетін көшедегі кептелістен шаршап кеткенімен, ары қарай баруға ерінгенімен түсіндірді.

Такси жүргізушісі аруларға ақшаларын қайтарып беруден бас тартыпты.

"Менің ашуым келіп кетті. Менікі дұрыс болмағанын білемін", - деді ол.

Нәтижесінде, жүргізуші 3000 бат (35 мың теңгеден жоғары) айыппұл төледі.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel