RU
Жамбыл облысында банкке миллион теңге қарыз келіншек өзіне қол салды
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында банкке миллион теңге қарыз келіншек өзіне қол салды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында банкке миллион теңге қарыз болған келіншек өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапты. Берешегін өтей алмай, күйзеліске түскен Әйгерім Молдатаева ақыры асылып қалған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әйгерім Молдатаева. Фото: КТК арнасы

Әйгерім Молдатаева. Фото: КТК арнасы

Әйгерімнің туыстары оның қазасына жігітін айыптап жатыр.

Олардың айтуынша, көңіл қосқан азаматы әйелдің сеніміне кіріп, әбден қарызға батырған.Сондықтан марқұмның жақындары әлгі жігітке қарызды төлетіп, өзін жауапқа тартқызуды талап етеді.

Бұрын тұрмысқа шығып, ажырасқан Әйгерімнің бір баласы бар. Ол өзінен екі жас кіші жігітпен көңіл қосып, ғашықтардың құпиясы Әйгерім қаза болғаннан кейін жария болған.

"Бір жерден  200 мың алыпты. Ақшалай алған. Тауармен алғаны 300 мың. Тауар деп рәсімдеген, бірақ ақшалай алған. Ең соңғысы банктен миллион теңге алған ғой. Сонда кредиттердің бәрін қалай бере берген түсінбеймін. Оның арасында құрбыларынан да алған", - дейді келіншектің анасы Жеңіскүл Молдатаева.

Әйгерім қаза болған соң жігіті әкесімен бірге оның туыстарына көңіл айтуға келген. Сол кезде 27 жастағы азамат сүйіктісіне әр жерден қыруар қаржы алдырғанын мойындаған дейді марқұмның тустары. Ал оның әкесі барлық берешекті өтеп беруге уәде етіпті.

Алайда кейін бұл сөз құрғақ уәде ретінде қалып, екінші тарап айтқанынан айныған.

Әкелі-балалы азаматтардың айтуларынша, банктен 27 жастағы азамат алдырды деген 2 жарым млн теңгені толық өтеп берген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
6
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel