RU
Ақтауда құмар ойын бизнесін қыздырған қылмыстық топ сот алдына келді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда құмар ойын бизнесін қыздырған қылмыстық топ сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Ақтауда құмар ойын бизнесін қыздырған қылмыстық топ мүшелері сотталды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:STENA.ee

Фото:STENA.ee

Заңсыз ойынханалар ашқан азаматтарға қатысты сотта Бейнеу ауданы Ішкі Істер бөлімінің бұрынғы басшысы Арыстан Борановтың да ісі қаралған. Ол оңай олжаны көздеген кәсіпкерлерге қолдау көрсетті және пара берді деген күдікке ілінген болатын.

Іс материалы бойынша, Боранов заңды белшеден басқан кәсіпкерлер мен тәртіп сақшыларының арасында делдал болған көрінеді. Ойынхана қожайындарының емін-еркін жүруіне барлық жағдай жасаған. Өткен жылы экс-полицейдің үйін тергеушілер тінтіп, 4 миллион теңгеге жуық қаражатты тәркілеген еді.

Бірақ Боранов бүгінгі сотта ақталып шықты. Ал құмар ойынға жол беріп, тәртіп сақшыларына 1 миллион 800 мың теңге көлемінде пара ұсынды деп айыпталған кәсіпкерлер жеңіл жазамен құтылды.

Судья 7 кәсіпкердің бұрын сотталмағаны ескеріп, олардың бостандығын 2 жыл 6 айға шектеді.

"Бес ойын залын ашқан. Олардың ішіндегі мүліктің барлығы тәркіленді. Барлығы мемлекеттің пайдасына өндірілетін болды. 118 дана процессор, 91 дана монитор, 3 дана телевизор және 5 миллион 400 мың теңге ақша мемлекет пайдасына өндірілді", - дейді Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азат Ізбасаров.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel