RU
Ақтөбеде 52 адам ажал құшқан оқиғаға тірі қалған өзбек азаматы кінәлі болуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 52 адам ажал құшқан оқиғаға тірі қалған өзбек азаматы кінәлі болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 52 өзбек азаматының өмірін жалмаған сұмдық оқиғаға тірі қалған өзбек азаматының бірі кінәлі болуы мүмкін деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото-коллаж: NUR.KZ

Фото-коллаж: NUR.KZ

Бүгін сот алдында жауап берген автобус жүргізушілерінің бірі Мақсат Пернебеков осындай мәлімдеме жасады. Ол өрт болмай тұрып жолаушылар арасында жанжал болғанын айтты.

Жантүршігерлік жағдайда ұлдарынан айырылып қалған жәбірленуші тарап сотқа онлайн түрде қатысып, жүргізушіні сұрақтың астына алған.

Айыпталушы Мақсат Пернебековтің айтуынша, оқиға болған кезде көлік соляркасы қатып қалғандықтан тоқтап тұрған. Сол кезде ол шамалы демалып алмақ болып, ұйқыға кетіпті. Ал жолаушылар автобус салонында жылыну үшін дәнекерлеуші шамды жаққан көрінеді.

"Бір есімді білсем, маған айтылды. "Пожар" деп айқайлады. Тұрсам, от шығып тұр. Оттан жарақат алған күйі қашып шықтым. 19-ы күні  есімді жиып, өзбек азаматынан сұраған кезде "бөтелкені Ахрам теуіп жіберді" дедік. Сөйтсек, жаңағы Ахрам келесі группаның старшийларымен төбелесіп қалған екен", - деді аман қалған автобус жүргізушісі.

Автобустың тағы бір жүргізушісі Барат Танатовқа қатысты жәбірленушілердің өз уәжі бар. Ол әу баста автобусқа жолаушы ретінде мінген, артынан жүргізуші шаршаған соң рөлге отырған көрінеді. Оның тіпті жүргізуші куәлігі жоқ екендігін айтылды. Тірідей жанып кеткендердің туғандары Пернебековтің мәлімдемесінен кейін апаттан аман қалған екі өзбек азаматын да сотқа шақыртуды сұрады.

Айта кетейік, олар әзірге іске куәгер ретінде тартылған еді. Биылғы жылдың қаңтарында болған жантүршігерлік оқиғаға байланысты бірнеше адам жауапқа тартылған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel