RU
Оралдың қақ ортасында жеңіл көлік пойызға соғылып, екі жігіт опат болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралдың қақ ортасында жеңіл көлік пойызға соғылып, екі жігіт опат болды

Рассказать Вконтакте

Оралда қаланың қақ ортасында жеңіл көлік пойызға соғылып, екі жігіт қаза болды деп хабарлайды Астана арнасы.

Көрнекі фото: STR

Көрнекі фото: STR

Оқиға 18 қыркүйекте түнгі үш жарымда болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары жедел жәрдем оқиға орнына алты минутта жеткенін айтты.

Алайда бас пен ми жарақатын алған 26 жастағы көлік жүргізушісі мен оның қасындағы 25 жастағы жолаушы жігітті құтқару мүмкін болмаған.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel