RU
Ақтауда белгісіз меценат малдардың жанында түнеп жүрген отбасыға үй сыйлады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда белгісіз меценат малдардың жанында түнеп жүрген отбасыға үй сыйлады (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтаулық мецент көпбалалы отбасылардың біріне бір бөлмелі пәтер сыйға тартты. Осылайша, тағдырдың тауқыметін көріп, балаларымен бірге сарайда түнеп жүрген отбасы бір күннің ішінде баспаналы болды деп жазады ИнАктау сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтауда белгісіз меценат малдардың жанында түнеп жүрген отбасыға үй сыйлады (фото)

Әміровтер отбасы. Фото: ИнАктау
Source: UGC

Бұл қуанышты жаңалықты Маңғыстау облысы Аймақтық коммуникациялар қызметінің басшысы Айсұлу Дутбаева жеткізген.

Кішкентайынан жетімдіктің зардабын шегіп, осы күнге дейін сарайда өмір сүріп келген Асхат Әміров пен Жанардың отбасы енді қиындықтың бәрі артта қалды деп отыр. Себебі енді олар облыс орталығындағы көпқабатты үйдің пәтерінде өмір сүруге мүмкіндік алды.

Ауыр жұмыс істеп, төрт баласын асырау үшін бар күшін салып жүрген Асхат жарақат алып, салдарынан қолы жұмыс істемей қалыпты. Ал әйелі Жанар болса, елдің үйін жинап, жайылымдағы түйелерді сауып күнелткен екен.

"Ерлі-зайыпты сарайдан сарайға көшіп, малдардың жанында өмір сүрген. Мал бағып, ауыр жұмыс істеген. Электр жарығы, жылу секілді жағдайлары болмаған. Кешкі асқа отбасы нан мен шай ғана жеп, күнелтіп жүрді", - дейді Айсұлу Дутбаева.

Асхат пен Жанардың отбасын меценат бір ай бойы іздеген екен. Олар отбасының қайда тұрып жатқанын да, телефон нөмірін де білмепті.

"Жанар өзін біреу іздеп жатқанын естіген кезде қатты қорықты. Бірдеңені дұрыс жасамадым ба деп айта берді. Көлікке отырып, пәтерге қарай бет алғанымызды айтқанымызда, ол біреудің үйін жинауға барамыз ба деп сұрады. Ал оларға пәтер сыйлағанын естігенде ерлі-зайыпты аң-таң болып, соңына дейін сенбей қойды", - дейді басшы.

Отбасыға бір бөлмелі пәтердің кілті сыйға тартылды. Ал өзінің есімін атағысы келмеген меценат болса, көпбалалы отбасыға құжаттарды рәсімдеуге көмек беруге уәде беріпті.

Айта кету керек, дәл сол меценат облыстағы Қарақия ауданындағы төрт баласы бар жалғызбасты анаға пәтер алып берген еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
29
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel