RU
Мәди Манатбек басшылық қызметінен кетті
Жаңалықтар Қоғам

Мәди Манатбек басшылық қызметінен кетті

Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист Мәди Манатбек "Қазақ радиолары" ЖШС Бас директоры қызметінен кетті. Бұл туралы журналист Facebook желідегі парақшасында жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Мәди Манатбектің facebook парақшасынан алынды

Фото: Мәди Манатбектің facebook парақшасынан алынды

"Бүгіннен бастап "Қазақ радиоларының" ЖШС бас директоры қызметімді аяқтап, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы және "Қазақ радиосы", "Шалқар" ұлттық арнасы, "Астана", "Классик" радиоларын бір арнаға тоғыстырған серіктестік ұжымымен қоштасып жатырмын.
Былтыр компания тізгінін қолға алған кезде ғасырға жуық тарихы бар қасиетті қара шаңырақтағы алтын әріптестеріммен кеңесіп, "Қазақ радиоларының" алдағы бағыт-бағдарын, ұлттық ұстанымын бірлесе айқындап, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерге баса назар аударатын болып келістік. Қазір сол ұстанымға сай қызмет етіп келе жатқан, бүгін қимастықпен шығарып салған "Қазақ радиоларының" ұжымына шын жүректен ризалық білдіремін.
Серіктестік жетекшілігін сеніп тапсырған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлы мен "Қазақстан" РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Тынымбайұлына алғыс айтамын. Мемлекеттік телеарна және мерзімді басылымдарда жетекшілік еткен мен үшін "Қазақ радиолары" үлкен мектеп болды. Енді толық медиа менеджермін", - дейді Мәди Манатбек.

Айта кетейік, бұл қызметке журналист 2017 жылдың ақпан айында тағайындалған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel