Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушының басынан миы шайқалғанша кітаппен ұрған ұстаз жаға ұстатты

Опубликовано:

Санкт-Петербург полициясы № 111 мектептің мұғаліміне қатысты тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті. Онда оқушының қатты соққыдан миы шайқалған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Неміс тілі пәні өтіп жатқан уақытта мұғалім сабаққа ден қоймаған жасөспірімнің басынан кітаппен салып қалған. Осыдан кейін дәрігерлер оның бас миына зақым келгенін айтыпты.

"Росбалт" басылымының мәліметіне сүйенсек, ұстаздың білім ордасына жұмысқа тұрғанына небәрі екі апта болыпты. Осыған дейін балалармен жұмыс істеу тәжірибесі болмаған. Аталмыш оқиғадан кейін мұғалім мектептен шығарылды. Сондай-ақ оның жүйкесі жұқаруына байланысты денсаулығы нашарлап кеткен көрінеді.

Мұғалім өзінің ісін толық мойындағанымен, оқушыға қасақана зиян келтірмедім деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1753475-okusyny-basynan-miy-sajkalgansa-kitappen-rgan-staz-zaga-statty/

pixel