RU
Денис Теннің өліміне күдіктілердің қамау мерзімі ұзартылды
Жаңалықтар Қоғам

Денис Теннің өліміне күдіктілердің қамау мерзімі ұзартылды

Рассказать Вконтакте

Денис Теннің өліміне қатысы бар деп ұсталған үш күдіктінің қамау мерзімі ұзартылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Денис Тенді өлтірді деген күдікпен ұсталғандарға қатысты жаңа дерек шықты

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Бұл туралы басылымға Алматы қалалық соты мәлімдеген.

20 шілде күні Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновті қамауға алу туралы санкция шығарылған, ал үш күннен соң Жанар Толыбаева ұсталған. Қызды қамауға алу туралы санкция 25 шілде күні шыққан.

Еске салсақ, жігіттерге ұрлық жасау, бұзақылық және мәнерлеп сырғанаушыны өлтірді деген айып тағылған. Ал қыз ақпаратты құзырлы органдарға жеткізбеді деп айыпталуда.

Күдіктілер 23 қазанға дейін қамауда болмақ. Осылайша, жалпы қамау мерзімі үш айға ұзартылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel