RU
"Сен - чемпионсың": Альварестің промоутері Головкинді мақтай жөнелді
Жаңалықтар Қоғам

"Сен - чемпионсың": Альварестің промоутері Головкинді мақтай жөнелді

Рассказать Вконтакте

Мексикалық боксшының өкілі Оскар де ла Хойя Сауль Альварес пен Головкиннің қайта кездесетінін мәлім етті. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Оскар де ла Хойяның айтуынша, қазақстандық спортшы осы жолғы жекпе-жекте жеңіліс тапқанымен, ол мықты боксшы әрі чемпион болып қала береді.

"Головкин, сен мықты боксшы, даусыз чемпионсың. Жалғасын тағы көреміз бе? Әрине, көреміз. Бірақ ең алдымен - "Канело" чемпион", - деді ол.

Сондай-ақ промоутер барлығын басынан бастауды ұсынып отыр.

Еске салсақ, 16 қыркүйек күні қазақстандықтар аты аңызға айналған боксшылар жекпе-жегін тамашалап, отандасымыз үшін жанкүйерлік еткен болатын.

Алайда 12 раундқа созылған кездесу төрешілердің шешімі бойынша Канелоның жеңісімен аяқталды.

Кейінірек Альварес Геннадий Головкиннен жеңіп алған белбеулерінің біреуінен айырылып қалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
0
1
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel