RU
Қарағанды облысында бүтін бір аудан жарықсыз қалып отыр
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысында бүтін бір аудан жарықсыз қалып отыр

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында жарықпен қамтамасыз етуші екі компанияның қарызы үшін бүтін бір аудан тұрғындары жапа шегіп отыр. Жаңаарқа елді-мекенінде халыққа еш ескертілместен, электр қуаты жиі сөнетін болған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жаңаарқа ауданы. Фото: 31 арнадан кадр

Жаңаарқа ауданы. Фото: 31 арнадан кадр

Жарық беруші компаниялардың арасындағы даудың ушыққаны сонша, мәселені әкімдік өкілдері де шеше алмапты. Сөздерінше, екі кәсіпкердің арасындағы берешек 80 миллионнан асқан.    

"Біреудің өлігі болады, біреудің тойы болады. Дұрыс емес қой ол", - дейді аудан тұрғыны Ғалым Бақтыбай.

Жарықтың жиі сөнетіні саудагерлерді де шығынға батырып жатыр екен.

"Балмұздақтардан бөлек сүт, еттер де иістеніп жатады. Пайда көрудің орнына шығынға батып жатырмыз. Тұтынушы ретінде еш қарызымыз жоқ, сонда неге сапалы дүниені ала алмаймыз", - дейді Күнсұлу Әлкенова есімді дүкен әкімшілігі.

Айта кетейік, "Қазэнергоорталығы"-ның берешегі жарықты "Сакен и компания" ЖШС-ның желілері арқылы таратқанда пайда болған. Қыруар қаржыны төлейміз деп уәде еткен компания сөзінде тұрмаған көрінеді. Осылайша, 2016 жылы 46 миллион теңгені құраған қарыздың көлемі бүгінгі күнге дейін 80 миллионға бір ақ өскен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel