RU
MMA балуаны жедел-жәрдем жүргізушісін ұрған жігітті жекпе-жекке шақырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

MMA балуаны жедел-жәрдем жүргізушісін ұрған жігітті жекпе-жекке шақырды (видео)

Рассказать Вконтакте

ММА балуаны Сәбит Жүсіпов Алматыда жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан ер адамды жекпе-жекке шақырды деп хабарлайды today_kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sport.inform.kz

Фото: sport.inform.kz

Балуанның видео-үндеуі today_kz Instagram парақшасында пайда болған. Онда ол:

"Егер сен балуан болсаң, әрі ересек адамдарға қол көтерсең, онда кездесейік. Маған қол көтеріп көрші? Мен саған жолақың мен медициналық тексеріске кететін шығыныңды өтеуге дайынмын. Тіпті осы үшін Алматыға баруға жа әзірмін. Рингта болсын, жалпы қайда болса да, саған үлкен адамдарды қалай сыйлау керектігін көрсетемін", - деп айтқан.

Айта кетейік, кеше Алматыда белгісіз азамат жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрып тастаған еді. Зардап шеккен ер адамға амбулаторлық көмек көрсетілген-ді.

Кейін белгілі болғандай, көлік жүргізушісін 28 жастағы түрік азаматы ұрып кеткен екен. Қазіргі таңда, азаматтың үстінен "Тәртіпсіздік" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel