RU
Түркістан облысында жүз елуге жуық үй биыл тағы да көгілдір отыннан қағылды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында жүз елуге жуық үй биыл тағы да көгілдір отыннан қағылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Байдала ауылындағы жүз елуге жуық тұрғын үй биыл көгілдір отыннан қағылды. Тұрғындардың айтуынша, былтыр газ болады деп құбыр жүргізген билік қыс таяғанда айтқан сөзінде тұрмай, әлек қылған. Шенеуніктер оларға қажетті жөндеу жұмыстарын аяқтап үлгермегенін айтқан деп хабарлайды "31 арна".

Түркістан облысында жүз елуге жуық үй биыл тағы да көгілдір отыннан қағылды

Скриншот 31 арнадан алынды
Source: UGC

Мемлекеттік тапсырыспен тартылған құбыр біткелі екі жыл өтсе де, тұрғындар көгілдір отынның қызығын биыл да көрмейміз деп қынжылуда.

"Жиырма мың, отыз мыңнан ақша жинап алды. Күзге қарай келеді деген соң біз қарап едік, ешқандай газ келген жоқ. Елдің барлығы пеш құрғызып, паровой жасап әбден әбігерге түскен", - дейді Жетісай ауданы, Байдала ауылы тұрғыны Алтай Тәжібекова.

"Газге жаңа пеш талып, орнатып, сөйтіп қанша шығындалды. Сөйтіп әні келеді, міне келеді газ деп жүргенде қыс басталып кетті", - деп отыр тағы бір тұрғын Кенжебай Бектенов.

Жергілікті билік Байдалаға тартылған 5 шақырым 700 метрлік газ құбырын тарту жұмыстары былтыр күзде толық аяқталғанын растап отыр. Айтуынша, оны өздері қабылдап алған екен.

Бірақ, газ мекемесінен ауылдағы газ нүктесіне дейін құбырға көгілдір отын толтыру үшін «ҚазТрансГаз» 1 млн 500 мың теңге сұрап отыр екен. Ал сметалық жобада бұл қаражат көзделмеген. 

"Бұл қаржы осы мердігер тарапынан және сол жерде ішкі жүйелерін жүргізген кәсіпкер тарапынан, біз соларға өтініш жасап, алдағы уақытта осы халыққа биылғы жылы 2018 жылы газ қостыру үшін барлық жұмыстарды атқарып жатырмыз", - деп пікір білдірді Жетісай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы Мырзабек Әбішев.

Дереккөз: 31 арна

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel