RU
Астаналықтар тәуліктеп көмір кезегіне тұруда
Жаңалықтар Қоғам

Астаналықтар тәуліктеп көмір кезегіне тұруда

Рассказать Вконтакте

Астанада шұбаркөлдік көмірді алу үшін тұрғындар тәуліктеп кезекке тұруда. Тіпті бірнеше күн келіп, қол жеткізе алмай жүргендер де бар екен. Бұл туралы «Время» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: korrespondent.net

Көрнекі фото: korrespondent.net

Көмір кезегіне ер азаматтардан бөлек, егде жастағы аналар мен жас балалар да шыққан.

"Мен мұнда күнде таңғы жетіден бастап келемін. Осымен төртінші күн құр қол қайтып жатырмын. Кезегім келген кезде көмір бітіп қалады. Әкімдікке хабарласып еш жауап ала алмадық, үнемі "желі бос емес" деп тұрады. Кімге шағымданамыз?", - дейді зейнеткер.
Фото: time.kz

Фото: time.kz

Жұрт тапшылық тартып отырған көмірдің қазіргі бағасы 13 500 теңгеге жеткен. Өткен жылғымен салыстырғанда 1000 теңгеге қымбат.

Бес баланың анасы Айнагүл Майлыбаева көмір сатып алу үшін үш күн жұмысынан сұраныпты. Бірақ қаптаған адамнан кезегі жетпей, қара отын таусылып қала береді. Бүгін де бар-жоғы бес вагон алып келген, оны таласып тауысқан соң тағы да бос қайттым,- дейді әйел.

Тұрғындардың айтуынша, осындай дүрлікпені кей кәсіпкерлер пайдасына асырып, шұбаркөлдік көмірге отынның басқа түрлерін араластырып сатып жатыр.

85 жастағы Зинаида Ткаченко осындай қулықтың құрбаны болған. Ол алты тонна Шұбаркөл көмірін сатып алғанымен, үйіне құм сияқты жарамсыз отынды жеткізіп беріпті. Енді оны сатқандар зейнетерге көмірдің жартысын өтеп береміз деген көрінеді.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Тұрғындардың ашуын келтірген тағы бір мәселе - көмір сататын орынға күзетшілер жүк көліктерін жуытпайды екен. Ал КАМАЗ бен ЗИЛ жүргізушілері отынды жеткізіп беру үшін 20 мың теңгеге дейін ақы сұрайтын көрінеді.

Ал көмірді сатушылар бұл жылы ешқандай дүрлікпе жоқ деп сендіріп отыр. Осындай кезектің қаптауына тұрғындардың өзі кінәлі дейді. Себебі қыстың қамын суық таяғанда емес, ертерек ойлау керек деп түйіндеді олар.

Материалды көшіріп басу немесе қолдану үшін "Время" ЖШС басылымының рұқсатын алу міндетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel