RU
Астанада 90 жасқа келген ресейлік қария айыппұл төлеуге мәжбүр болған
Жаңалықтар Қоғам

Астанада 90 жасқа келген ресейлік қария айыппұл төлеуге мәжбүр болған

Рассказать Вконтакте

Астана қаласының қалалың сотында 90-ға келген Ресей азаматшасының ісі қаралды деп хабарлайды astana.sud.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: sputnik.by

Көрнекі фото: sputnik.by
Source: UGC

Процесс бейнеконференция форматында өткен. Себебі, ресейлік қарт әжей сырқаттанып қалуының себебінен, сот отырысына келе алмаған. Белгілі болғандай, қария Ресейден Қазақстанға немерелерін көру үшін келіпті. Астанаға жеткеннен кейін кейуананың денсаулығы нашарлап, ол жүріп-тұруға жарамай қалыпты. Салдарынан, 35 күннің ішінде көші-қон қызметіне келіп, тіркеуден өте алмаған. Осылайша ол Қазақстанның көші-қон туралы заңын бұзған. ⠀ Нәтижесінде, қарияның қызы сотқа отырысты бейнеконференция түрінде жүргізу туралы ұсыныс айтыпты. Соттың шешімімен қарияға 15 АЕК (36 075 теңге) айыппұл салыныпты. Десе де, әжейдің егде жасын ескеріп, сот айыппұлды 30 пайызға төмендету туралы шешімге келген.

Сіздің реакцияңыз
4
1
2
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel