RU
1 миллионға жуық жалақы алатын Божко депутаттың жұмысы ауыр деп шағымданды
Жаңалықтар Қоғам

1 миллионға жуық жалақы алатын Божко депутаттың жұмысы ауыр деп шағымданды

Рассказать Вконтакте

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко өзінің еңбекақысы қанша екенін айтты. Депутаттың айтуынша, халық қалаулыларының жұмысы ауыр екен деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан
Source: UGC

Владимир Божко сенатор Бірғаным Әйтімованың мәлімдесіне қатысты пікір білдірді. Естеріңізде болса, сенат депутаты күні кеше ғана жалақыны гараж қызметкерімен тең аламын деп, айды аспанға бір-ақ шығарған еді.

Божконың айтуынша, депутаттардың жұмысы ауыр екен. Оның сөзіне сенсек, мәжілісмендер түрлі саяси сауалдарға жауап беріп, көптеген ақпаратты игере алуы керек екен.

"Халықтың көңілінен шығып, олардың мүддесін қорғау – оңай шаруа емес. Жалпы адамдармен жұмыс істеу өте қиын, міне осымен үш жылдан асты осында жұмыс істеп жатқаныма", - дейді депутат.

Сонымен бірге, ол халық қалаулыларының жалақысына қатысты ойын да ортаға салды. Айтуынша, олардың дені 1 миллионға жетпейтін жалақы алатын көрінеді. Мәжіліс төрағасының орынбасары өзінің де шамамен 1 миллиондай еңбекақы алатынын айтқан.

Сіздің реакцияңыз
15
1
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel