RU
"Головкин-пешка": Танымал сарапшы GGG-Канело жекпе-жегі туралы өз ойын айтты
Жаңалықтар Спорт

"Головкин-пешка": Танымал сарапшы GGG-Канело жекпе-жегі туралы өз ойын айтты

Рассказать Вконтакте

Бокс туралы бірқатар еңбек жазған танымал спорт шолушы Скуп Малиновски Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойымен бөлісті. Өз мақаласында ол қазақстандық спортшы жайлы бұрын-соңды айтылмаған мәлімдеме жасады деп жазады sports.kz cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: skysports.com

Фото: skysports.com
Source: UGC

Скуп Малиновски жариялаған мақаласында Альварес пен Головкин арасындағы реванштағы мексикалық пен қазақстандық боксшы жақтың әрекетін зерттеген.

Оның айтуынша, "Канело" бокс бірлестігі үшін аса танымал емес елден шыққан GGG-ге қарағанда әлдеқайда көп табыс әкелер боксшы болып саналады.

"Шахмат тақтайында Альварес - патша болса, Головкин - пешка" , - деп жазған Скуп.

Спорт шолушының мәлімдеуінше, Геннадий жекпе-жектері үшін қомақты қаржы алғысы келсе, бокс мафиясының шарттарына толықтай бағынуы керек.

Оған қоса, Скуп бұл бірлестік жеңісті Головкинге бірінші, екінші жекпе-жекте ғана емес, тіпті үшінші кездесуде бермейді. Бұл спортшылардың жұдырықтасуына қыруар қаржы құйылатындықтан, оларға GGG-ден гөрі Альвареспен серіктес болған әлдеқайда қолайлырақ.

Маман Головкиннің бұған дейін көпшілкке астарлы түрде "Канелоның" жақтастары әділетсіз ойын жүргізгеннін жеткізгісі-ақ келгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, жекпе-жек күні Скуп Малиновски қазақстандық боксшының қапалы екенін бірден аңғаруға болатынын айтқан.

"GGG жемқор жүйе кесірінен жеңілетінін іштей сезгендей болды. Әлем ешқашан Головкиннің шынымен де бокс тарихындағы аса мықты боксшылардың бірі екенін біле алмай кетеді. Өкінішке орай, ол қажетті мемлекетте туылып, дұрыс байланыстарға ие болған жоқ. Ақыр-соңы БАҚ пен жүйе оны сатып кетті " , - деп қорытындылады маман.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
24
2
10
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel