RU
Екібастұзда көп қабатты үйден құлап түскен қыздардың екіншісі де қайтыс болды
Жаңалықтар Қоғам

Екібастұзда көп қабатты үйден құлап түскен қыздардың екіншісі де қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Көп қабатты үйден құлаған оқушы қыздардың екіншісі де қайтыс болған. Мұндай мәліметті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі жариялаған. Ведомство берген ақпаратқа сәйкес, жасөспірім қыз Екібастұз қалалық ауруханасының реанимация бөлімінде 17 қыркүйек күні кешкі сағат тоғыздар шамасында көз жұмған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: rus.delfi.ee

Көрнекі фото: rus.delfi.ee
Source: UGC

Дәрігерлердің айтуынша, оқушы қыздар ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен түскен. Олардың айтуынша, көз жұмған жасөспірімнің сау-тамтығы қалмаған. Десе де, облыс дәрігерлері 15 жастағы қыздың өмірін аман алып қалу үшін, барын салған.

Сондай-ақ, олар оқушы жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, тыныс алғандығын айтқан. Өкініштісі, жеткіншек сол күйі ес жимастан мерт болған. Дәрігерлер 17 қыркүйекте кешкі сағат тоғыздарда оқушы көз жұмды дейді.

Қазіргі таңда аталған іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Естеріңізде болса, Екібастұзда өткен аптада екі бірдей оқушы қыз көп қабатты үйден құлап түскен еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel