RU
АҚШ долларының бағасы 361 теңге болып бекіді
Жаңалықтар Қоғам

АҚШ долларының бағасы 361 теңге болып бекіді

Рассказать Вконтакте

Бүгін теңгенің биржалық бағамы өз позицияларының анағұрлым беки түскенін көрсетуде. Күндізгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша, 19 қыркүйек күні АҚШ долларының ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 361,24 теңгеге өсіп кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: mail.kz

Фото: mail.kz

Таңертеңгілік KASE сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы сәрсенбі күні бір долларға 317,96 теңгені құрады.

Екі сессияның да орташа сараланған бағамы бойынша 19 қыркүйек күні бір доллар 361,94 теңгеге тең болды. Америкалық валютаның бұл төмен көрсеткіші өткен күнмен салыстырғанда 7,42 теңгеге кеміген. Сейсенбі күні АҚШ долларының ұлттық валютаға шаққандағы орташа бағамы бір долларға 369,36 теңгені құрады.

Kurs.kz мәлімдеуінше, ақша айырбастау пүнктерінде орташа бағам 363,22 теңге көрсеткішінде тұр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel