RU
Назарбаев көмекшісін және Қауіпсіздік кеңесі хатшысын тағайындады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев көмекшісін және Қауіпсіздік кеңесі хатшысын тағайындады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ғабит Байжановты президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев өзіне көмекші және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысын тағайындады

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: abctv.kz

"Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелгені мәлімделеді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel