RU
Көкшетауда жағымсыз иіске тұншыққан жұрт шенеуніктерден көмек сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Көкшетауда жағымсыз иіске тұншыққан жұрт шенеуніктерден көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

Көкшетаудағы көпқабатты үйдің нәжіске батқан тұрғындары кімнен көмек сұрарын білмей дал. Жертөле де, есік алдындағы кәріз құдықтары да лық толып, қолқаны жаратын иістен жандарын қоярға жер таппай жүр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: КТК арнасынан кадр

Фото: КТК арнасынан кадр
Source: UGC

Жұрт барлық коммуналдық қызметтерге, әкімдікке шағымданған. Әйтсе де, кәріз құбырларының жарылып, дәретханадан шыққан қалдықтардың көз алдарында қалқып жүргені әзірге ешкімді алаңдатар емес.

Қазір толып тұрған кәріз құдықтарын да, быршып кеткен жертөлені де арнайы көлік сорып тауыса алар емес. Мұншама нас судың қайдан шығып жатқанына бас қатырған жан жоқ. Ортан белден келетін жертөледегі қалдықтарды сорғызуға келген техника оны сыртқа төгіп кеткен.

"Бір трактор берген. Ол үйдің артында батып жатыр. Жертөле тазармайынша қысқа әзірлік жұмыстары да басталмай тұр", - дейді Көкшетау тұрғыны Алмас Махметов.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel