RU
Алматы облысында көлік жылқыға соғылып, 14 жастағы қыз мерт болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында көлік жылқыға соғылып, 14 жастағы қыз мерт болды

Рассказать Вконтакте

лматы облысында жеңіл көлік жылқыға соғылып, оқиға болған жерде 14 жастағы қыз көз жұмды. Тағы жеті адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы облысында көлік жылқыға соғылып, 14 жастағы қыз мерт болды

Көрнекі фото: ushilapychvost.ru
Source: UGC

Оқыс жағдай 18 қыркүйек күні Талғар — Ақбұлақ трассасында болды.

"Лада" жылқыға соғылып, кейін осының салдарынан көлік ағашқа қарай ұшқан. Жеңіл көліктің ішінде үш ересек адам және бес бала отырған. Олардың ішінде біреуі апат болған жерде көз жұмды.

Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Аталған фактіге сәйкес, Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жұмыстары тағайындалды.

Зардап шеккендер әртүрлі жарақатпен Талғар аудандық ауруханасына жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel